«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТЫҚ — БАСТЫ ҚАРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде 21 қыркүйек күні 78 адам қауіпті ауру жұқтырды. Петропавл қаласы мен Есіл, Жамбыл аудандарында дертке шалдыққан науқастар саны басым. Жаңа жағдайлар Ғабит Мүсірепов атындағы, Ақжар, Ақ­қайың, Уәлиханов, Шал ақын, Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Айыртау аудандарында да тіркелді. ПТР әдісі бойынша 75 адам тест тапсырды.

Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясына 453645 зерттеу жүргізілді. Науқастардың 5,2 пайызында ауру анықталды. Өткен тәуліктерде 1252 адамнан ПТР әдісі бойынша сынама алынды. Өңірде қауіпті инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 23963 адамды құрады. Соның 71 пайызында ауру белгілері анықталды. Қазір өңір “сары” аймақта тұр. Алайда эпидемиологиялық ахуал жақсаруы үшін сақтық шараларын ұстану қажет.

Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp