«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындар тілегін тыңдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов онлайн қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының арыз-шағымдарын мұқият тыңдады.

Сауал қойғандардың бірі – Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылында тұратын Нәдия Көкеева өзінің ғана емес, көршілерінің де мұң-мұқтажын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үйлердің дәл жанында орналасқан “Ертегі” ЖШС-не тиесілі элеватордың шуы құлақ тұндыратын көрінеді.Күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп, айналаны қалың шаң-тозаңға толтырып жіберетіндіктен, дем алу қиын. Экология департаменті санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтаса, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау ведомствосы ешқандай заң бұзушылық орын алмағанын алға тартқан.

– Бекітілген нормалар қатаң сақталуы тиіс. Тексеріс шараларына сізді қатысуға шақырамын. Бұл іске аудан әкімдігі де тартылады. Серіктестік басшылығымен әңгімелесіп, мәселені тиімді шешудің жолдары ойластырылады, – деді Құмар Іргебайұлы.

Қызылжар ауданы Кондратовка ауылының тұрғыны Әсия Әбілова қордаланып қалған әлеуметтік жайттармен бөлісті. Тұрғындарды қатты қинап тұрғаны – елді мекен мен облыс орталығы арасына қоғамдық көліктің қатынамайтыны. Тозығы шыққан жолдың сапасы да сын көтермейді. Өңір басшысы қазан айында жол қалпына келтіріліп, автобус жүре бастайтынын қадап айтты. Шағымданушының елді мекенде медициналық пункт жоқтығын, сол себепті фельдшер үй-үйді аралап жүруге мәжбүр екендігі туралы сауалына қазіргі уақытта фельдшерлік-акушерлік пунктке арналған ғимарат сатып алу қарастырылып жатқаны хабарланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp