«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС БАЛУАНДАР ЖАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұр-Сұлтан қаласында Ха­лық қаһарманы Рақымжан Қошқар­баевты еске алуға арналған мек­теп оқушылары арасында қазақ күресінен турнир өтті. Жарысқа 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының командасы жақсы өнер көрсетті.

Жарыстың мақсаты – Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қош­қарбаевтың ерлігін ұлықтау. Дүбірлі бәсекеге еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды қалалары мен Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары қатысты.

Боз кілемге шыққан жерлестеріміз­дің қоржынына 2 күміс және 4 қола түсті. Досжан Сапарғали (50 килограмм) және Дмитрий Диннер (65 килограмм) екінші орын алды. Ал Жоламан Сәдуақасов (45 килограмм), Руслан Ілбілсінов (60 килограмм), Айдын Қуанышев (70 килограмм) пен Бахтияр Анура (82 килограмм) үшінші орындарға жайғасты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp