«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіп бастауға көмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы “Атамекен-Қызылжар” микроқаржы ұйы­мы “Бастау Бизнес” жобасы бо­йын­­ша оқыған және тиісті сертификат алған аза­маттардың жобаларын қар­жы­ландыру үшін құ­рылған. Биыл “Бастау Бизнес” түлекте­рі­нің жобаларын қаржыландыруға респуб­лика ауқымында 22,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Соның ішінде 2 млрд. теңге Солтүс­тік Қа­зақстан облысына бағытталған. Бұл қаражат “Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры” және “Атамекен-Қызылжар” микроқаржы ұйымы ара­сында теңдей бөлінеді.

– 2017-2020 жылдар аралығында Сол­түс­тік Қазақстан облысы бойынша оқу курсына 7050 адам қатысты, соның ішінде оқуды аяқтағаны туралы сертификатты 5135 адам алған. Олардың 1410-ның жо­басы қаржыландырылды. Енді тағы 3000 адамның жобаларына қаржыландыру қажет. Сондықтан “Атамекен” “Бастау Биз­нес” жобасы бойынша білім алған азамат­тардың ғана жобаларын қаржыланды­ру­ды жүзеге асыратын микроқаржы ұйымын құру бастамасын көтерді, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әлі­бек Ашметов. Биыл палата өңір бойынша 770 азаматты оқытты, олардың басым бөлігі бизнес-идеяларын жүзеге асыруға қаржы алды.

Жаңа микроқаржы ұйымы алғашқы өті­німдерді қабылдай бастады. “Атамекен Қы­зылжар” микроқаржы ұйымының ди­ректоры Нағашыбай Күркеновтің айтуын­ша, кәсіпті енді бастағысы келетін аза­маттарға несие алу үшін бизнес түрлері бойынша шектеу қойылмайды.

– “Бастау Бизнес” түлегі кез келген кә­сіп түрін ашуға жылдық 6 пайызбен 5 жыл­ға, ауыл шаруашылығы саласында 7 жыл­ға несие ала алады. Осы ретте біз жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті сатып алу, кредиттік берешекті қайта қаржыландыру, бұрын алған кредиттерді өтеу, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттар бойынша жоба­ларды қаржыландырмаймыз, – деп атап өтті Нағашыбай Күркенов.

“Бастау Бизнес” түлегі микронесие алу­ға өтінім беру үшін өтініш пен клиент ан­ке­та­сын толтырып, жіберуі керек. Соны­мен қа­тар кәсіпкерден заңды тұлғаны не­месе жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы куә­лік, өті­ніш берушінің жеке куәлігі, несие та­рихы, банктер және салық органдарында бере­шектің жоқ екені туралы анықтама­лар, ке­пілді қамтамасыз ету жөніндегі құ­жаттар та­лап етіледі. “Несие алуға өтінім беру үшін ауыл тұрғындары кә­сіпкерлер палатасы­ның аудандық филиалдарына “Бастау Биз­нес” жобасын сүйемелдеу бо­йынша кеңес­шілердің көмегіне жүгіне ала­ды”, – дейді “Атамекен Қызылжар” мик­ро­қаржы ұйымы­ның директоры Нағашыбай Күркенов.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp