Облыс орталығында қалалық жастар ресурстық орталығы мен “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілдері “Сақтан” акциясын өткізді. Шараның мақсаты – жемқорлықтың алдын алу.
– Облыс тұрғындары егер де қандай да бір жемқорлық фактісін көрген, не естіген болса, 1424 нөміріне хабарласуы керек. Қоңырау шалған адамның аты-жөні ешқайда жария етілмейді. Барлығы анонимді түрде өтеді. Егер де факті дәлелденіп, сотқа жететін болса, онда ол адамға сыйақы беріледі. Ақшалай қолдаудың мөлшері алынған параның 10 пайызын құрайды, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әлфараби Мыңбай.
Алдияр АЙТПАЕВ.