«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көпқабатты үйлер жылусыз қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жүк көлігі жылу құбырына соғылып, салдарынан бірнеше үйді жылудан ажыратуға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде жылу құбырының жарылғаны туралы видео тарады. Шапшыған ыстық су бірнеше метр биіктікке көтерілді.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, апат бүгін, облыс орталығындағы Мүсірепов, 6 мекенжайында болған. Жылу желісіне жүк көлігі соғылып, диаметрі 100 мм болатын құбыр жарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір апат орнында «Петропавл Жылу желілері» ЖШС бригадасы жұмыс істеп жатыр. Құбырды қалпына келтіру үшін жылу берушілерге 6 көпқабатты үйді және бір әлеуметтік нысанды жылудан уақытша ажыратуға тура келді. Жөндеу жұмыстары 2-3 сағатқа созылмақ.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp