«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Неонаталды скрининг қалай жүргізіледі?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық нәресте дү­ниеге келеді. Әрбір сәбиге туғаннан кейін бірден міндетті түрде неонаталды скрининг жүргізілуі тиіс. Ол МӘМС пакетінде толық қаржыландырылады.

Неонаталды скрининг барысында нәрестелердің бойында тұқым қуалайтын аурулары бар не жоғы анықталады, мүгедектікке әкелуі мүмкін дерттердің дамуына жол бермейді. 2007 жылы Қазақстанда екі ауруды анықтауға неонаталды скринингтің мемлекеттік бағдарламасы енгізілді.

Жаңа туған нәрестелерді скринингтен өткізу өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Елімізде неонаталдық скринингпен қамту 2007 жылы 52 пайыз болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 97,4 пайызды құрады. Зерттеу перзентханада жүргізіледі. Онда неонатолог дәрігер скрининг жүргізуді тағайындап, арнайы оқытылған медбике жаңа туған нәрестенің өкшесінен қанның құрғақ дақтарын алады. Егер сәбиге перзентханада неонаталды скрининг жүргізілмесе, онда стационарда немесе тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында нәрестеден қан алынуы керек. Ауытқулар анықталған кезде дәрігерлер нәрестенің отбасына жедел хабарлап, оларды қосымша тексеруге шақырады. Жаңа туған нәрестенің өкшесінен қан алу тек қана таңертең аш қарынға жасалады және тамақтану арасындағы интервал 2,5-3 сағатты құрауы қажет. Бұл өлшенген маркерлердің концентрациясы дұрыс болуы үшін маңызды.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім меңгерушісі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp