«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Іріктеу тәртібі өзгерді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненко облыстық әкімдіктің үлкен залында Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға ниет білдірген 50-ден астам үміткермен кездесіп, биылғы конкурстың жаңашылдықтары мен ерекшеліктері жайлы айтып берді.

Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен былтыр резервке еліміз бойынша 300 адам қабылданып, 184-і жұмысқа орналастырылған. Биыл жастардан 3149 өтінім түскен. Үміткерлер арасында қазақстандықтармен қатар АҚШ, Грузия, Болгария, Ұлыбритания, БАӘ мемлекеттерінің де азаматтары бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия іріктеу тәртібін бекітті.

Елена Федоровна өз сөзінде іріктеудің кейбір маңызды аспектілеріне тоқталып өтті. Мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат болмаған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласында “РЕМИ ТЕСТ” жүйесінен өту ұсынылады. Бірінші кезекте қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жастарды анықтауға баса назар аударылады. Осыған байланысты бағалаудың жаңа түрлері енгізілді. Резервке іріктеуге қатысуға саяси қызметшілер, “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жіберілмейді. Қажетті құжаттарды жинауға және тілдік тест тапсыруға барынша қолайлы жағдай жасалып, бір ай мерзім беріледі. Тіркелу үшін электрондық пошта ғана емес, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. Ситуациялық есептерді шешу жазбаша түрде орындалады. Мәтіннің көлемі шектеулі, яғни 500 сөзден аспайды, ұзақтығы 45 минут. Кандидаттардың кәсіби қасиеттерін сипаттайтын конкурстың бірінші кезеңі 12-17 қазан аралығында өтеді. Алдыңғы іріктеулерде мұндай талап болмаған.

Гүлнәр СҮЙІНДІКОВА,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp