«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті “Қызылжар су” ЖШС-мен бірлесіп табиғи монополия субъектісін жетілдіру және реконструкциялау нысандары бойынша баспасөз турын өткізді.

Шара барысында “Қызылжар су” кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасын орындау және активтерін жетілдіру туралы баяндалды. Бүгінде Чайковский көшесіндегі кәріз коллекторына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ол 1995 жылы салынған, 26 жыл қолданыста, құбырдың материалы – темір-бетон. Бұл жұмыстар қаланың орталық бөлігінің су бұру жүйесін жақсартуға, сондай-ақ оны пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Алматы, Батыр Баян, Гоголь көшелеріне дейінгі су құбырлары, кәріз тазалау құрылымдары жаңартылуда.

– Бұл жұмыстар үшін 21,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Су құбыры 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуда. Бүгінде апаттық жағдайда деп танылған. Сондықтан болат құбырлар полиэтилен құбырларына ауыстырылуда, – дейді “Қызылжар Су” кәсіпорнының атқарушы директоры Арман Сауытов.

Сумен жабдықтау және су бұру нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша үстіміздегі жылы 169 млн. теңге игерілген. Жыл басынан бері бірінші және екінші сорғы станцияларына, технологиялық құбырлар мен бекіту нысандарына жөндеу жүргізілді. 103 құдық жөнделіп, 94 жерасты зақымдары жойылды. Оған қоса, 50 ысырма мен 5 өрт гидранттары ауыстырылды. Ұзындығы 56 километр болатын орамішілік желілер жуылды, бұл компанияның жылдық жоспарының 93 пайызы.

Биотоғанды тазарту үшін “Қызылжар Су” ЖШС мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті “Судың ғылыми-технологиялық орталығы” жобасы негізінде 3 жылға келісімшартқа отырды. Үстіміздегі жылы хлорелла микробалдырының көмегімен ағынды сулар тазартыла бастады. Биотоғанға 4 мың тонна хлорелла балдыры салынды. Мамандардың айтуынша, олар зиянды заттарды сіңіреді, өңдеп, оттегін бөліп шығарады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp