«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Парасат” – университет айнасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университетінің “Парасат” газеті екі жылдан астам уақыт үзілістен кейін 20 бет көлеммен қайта жарық көре бастады. Бұл газет 1996 жылдың 22 наурызынан бастап шығарылған. Газет аталмыш университеттің тарих, экономика және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зәуре Қартованың ұсынысы бойынша “Журналистика” кафедрасының “Парасат” редакциясы” зертханалық аудиториясының ашылуы қарсаңында өз оқырмандарына қайта жол тартты.

– Университет білім алушы­ларының тыныс-тіршілігін көрсету, жоғары оқу орнымыздың ақпараттық саясатын жүргізіп, болашақ журналистерді даярлауға атсалысу газет ұжымына жүктелген. Қазіргі баспахана көлемді газет шығаруға мүмкіндік бермейді. Сон­дықтан заманауи бағдарламамен газеттің жаңа дизайнын жасап шықтық, – деді филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Жақып.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp