М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Парасат” газеті екі жылдан астам уақыт үзілістен кейін 20 бет көлеммен қайта жарық көре бастады. Бұл газет 1996 жылдың 22 наурызынан бастап шығарылған. Газет аталмыш университеттің тарих, экономика және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зәуре Қартованың ұсынысы бойынша “Журналистика” кафедрасының “Парасат” редакциясы” зертханалық аудиториясының ашылуы қарсаңында өз оқырмандарына қайта жол тартты.
– Университет білім алушыларының тыныс-тіршілігін көрсету, жоғары оқу орнымыздың ақпараттық саясатын жүргізіп, болашақ журналистерді даярлауға атсалысу газет ұжымына жүктелген. Қазіргі баспахана көлемді газет шығаруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан заманауи бағдарламамен газеттің жаңа дизайнын жасап шықтық, – деді филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Жақып.
Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.