«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

3,1 млн тонна бидай жиналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында енді бірер күнде егін орағы аяқталады, диқандар әр гектардан 10,6 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл жалпы 3 млн га алқапқа астық және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Соның ішінде 2,4 млн га – бидай, 1 млн га – майлы дақылдар, 344,8 мың га – жем-азық, 31,9 мың ға картоп және 6,2 га көкөністер. Бірер күнде егін орағы аяқталады.

«Қазіргі уақытта өңірдің шаруашылықтары 2,9 млн га аумақтан астық және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап алды. Бұл барлық жиналуы тиіс алқаптың 99,8 %-ы. 3,1 млн тонна бидай бастырылды, әр гектардан орта есеппен 10,6 центнерден өнім алынды», – дейді басқарманың бас маманы Нарғыз Ақжігітова.

Ал майлы дақылдардың жартысына жуығы жиналды.

«Майлы дақылдар 520,3 мың га алқаптан жиналды, бұл 54,3 %-ы. Әр гектардан 6 центнерден өнім алынып жатыр. Аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел ақпараты бойынша 303,4 мың тонна картоп жиналды, гектар берекелілігі – 133,4 центнер, 55,7 мың тонна көкөніс алынды, әр гектардан 133,4 центнерден алынды», – дейді Нарғыз Ақжігітова.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp