«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙТАНУШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында филология ғылымдарының кандидаты, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді қазақтың кемеңгер ойшылдарының мұрасын зерттеп, насихаттап жүрген ғалым Омар Жәлелұлымен кездесу өтті.

Шара барысында мектеп оқу­шылары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, “Жел­­сіз түнде жарық ай” әнін орын­дады. Абайды зерттеуші ғалымға қызықтырған, көкейле­рінде жүр­ген сұрақтарын қойып, белсенділік танытты, ғұлама ақынның қанатты тәмсілдерінің, өлең­дері мен қара сөздерінің мағынасын саралады. Ғалымның айтуынша, қазіргі жастар Абай өлеңдерін жаттап алғанымен, олардың мән-мағынасына ден қойып, көңілдеріне тоқымайды, тіпті кейде ересектердің өзі ақын сөздерінің астарын түсінбей жатады.

– Бұрыннан Абайды тек сырттай оқып келсек, енді оның ішкі жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге талпынып жатырмыз. Абайды қан­шалықты түсінсек, біздің өміріміз соншалықты баянды болмақ. Ақынды түсіну үшін оның жүрегінің түбіне терең бойлай білу керек. Абайдың мақсаты – қазақтың көкірек көзін ашу болған. “Мақсатым… наданның көңілін қойып, көзін ашпақ” деп жазғаны да сондықтан, – деді Омар Жәлел.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp