Жол-құрылыс сапасын қоғам назарында ұстау мақсатында Жол активтері ұлттық сапа орталығы СҚО филиалы жанынан былтыр арнайы “Халықтық бақылау” мониторингтік тобы құрылған болатын. Бүгін жол түсіп, орталық мамандары мониторингтік топпен бірлесіп, кезекті рейдке шықты. Республикалық маңызға ие А-12 “Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы” 32-шақырымындағы автомобиль жолында орналасқан Бармашы өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде. Орталық мамандары асфальтбетон жабындысынан бірнеше керн үлгілерін алып, қалыңдығын тексерді. Қара қоспадан тұратын (3қабат) керндердің қалыңдығы 27,1 және 27,3 см көрсетті, бұл жобалық құжатнамаға сәйкес көрсеткіш (жоба бойынша -27,0). Жолдың ені өлшеніп, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігі анықталды. Кейін, алынған керн үлгілерінің құрамдық сапасы зертхана жағдайында егжей-тегжейлі зерттелетін болады.
«Халықтық бақылау» тобы алдағы уақытта жол салу және жөндеу жұмысын бақылап, олқылықтарды жою үшін жұмыс істемек.
Жол активтері ұлттық сапа орталығы СҚО филиалының баспасөз қызметі.