«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ — МАРАПАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауған соғысы ардагерлері одағы қарттарды қолдау айлығы аясында солтүстікқазақстандық майдангерлерді құттықтады. Бірқатарына 100 мың теңгенің сертификаттарын табыстады. Бұл шараға Ресейдің еліміздегі елшілігі де қолдау көрсеткенін айта кеткен жөн.

Марапатқа ие болғандардың бірі – петропавлдық Александр Куркин. Ол 1979 жылы әскер қатарына алынып, Ауғанстанға аттанған. Майдангердің айтуынша, Кабулде 345-ші полк құрамында соғысып, жарты жылдан кейін жарақат алып, елге оралған. Кейін көлік жүргізушісі болып еңбек еткен.

Ақшалай сыйлыққа Ұлы Отан соғысының көзі тірі 23 ардагері, ауған соғысының 30 қатысушысы және тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан 10 адам ие болды.

– Нұр-Сұлтан қаласынан ауған соғысы ардагерлері одағы арнайы келіп, қарулы қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді құттықтап жатыр. Солардың арасында қолдауға мұқтаждарға көмек берілді. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін де ұмыт қалдырмағаны қуантады, – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Көзі тірі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алды – ғасыр құрдастары. Көбі өздігінен жүре алмайды. Сондықтан оларға сыйақыны үйлеріне апарып бермек.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

СУРЕТТЕ: Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Некібаевқа сыйлық тапсыруда.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp