«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРЛАРҒА — МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде “XVIII ғасырдағы қазақ батырлары” атты конференция өтті.

Ел тарихын, ұлт шежіресі мен құндылықтарын сақтау мен дә­ріптеу, өскелең ұрпақтың Ұлы Да­ла кеңістігін ғасырлар бойы жау­дан қорғаған батырлардың ерлік істерін насихаттау мақсатында өткен іс-шараға аға ұрпақ өкіл­дері, еңбек ардагерлері, жергілік­ті ғалымдар мен жастар қатысты. Қатысушылардың кейбірі конфе­рен­цияға ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Шара барысында “Абылай хан резиденциясы” музей-кеше­нінің директоры Аян Садаев кон­ференцияның мән-маңызына тоқ­талып, қазақ тарихында қол бастаған батырлар мен ерліктің шыңына ту тіккен қаһармандар­дың орны ерекше екенін атап өт­ті. Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директо­ры, тарих ғылымдарының канди­даты Сәуле Мәлікова Құлсары батыр жайында әңгіме өрбітті.

– Абылай хан дәуірінде өмір сүрген белгілі мемлекет қайрат­ке­рі, Орта жүздің батыры, әулие Құл­сарының атқарған қызметі Ре­сей мұрағаттарындағы құжат­тар негізінде анықталды. ХҮІІІ ғасыр­дың құжаттарында Құлсары әу­лиенің есімі ықпалды батыр мен мемлекет қайраткері ретінде көрсетіледі. Құжаттарда Құлса­ры батыр көршілес мемлекеттер­мен тату көршілік қарым-қатынас орнатудың жақтаушысы ретінде аталады. Өзін тығырықтан жол таба білер тапқыр дипломат ре­тінде таныта білген Құлсары 30 жылдан астам Қазақ хандығын бе­кіту жолында аянбай еңбек етіп, оның ішкі, сыртқы саяси өмі­ріне белсенді араласып отырды, – деді Сәуле Зейноллақызы. Жиын­да Қожаберген жырау, Баян, Сары, Құлеке, Жанатай ба­тыр­лар мен тағы басқа да тарихи тұлғалардың есімдері ерекше аталды. Рес­пуб­ликалық “Egemen Qazaqstan” га­зетінің өңірдегі мен­шікті тілшісі Жақ­сыбай Самрат Абылай хан­ның өміріне тоқта­лып, сол заман­да шыққан дас­тан­дар мен жыр­лар, музыкалық шығармалардың бәрі оның ба­тыр­лық іс-әрекеттерін суреттей­ті­нін, саяси сахнаға шығуының өзі оның батырлығы­мен тікелей байланысты екенін жет­кізді. Кон­ференцияда про­фес­сор, меди­ци­на ғылымдары­ның докторы Жан­батыр Сар­таев, тарих ғы­лым­дарының кан­ди­даты, М.Қо­зы­баев атындағы Сол­түстік Қа­зақстан университе­тінің оқыту­шы­сы Анатолий Пле­ша­ков пен тағы басқа зиялы қауым өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Гүлнәр ЖҰМАБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp