«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарияларды қадірлеп жүрміз бе?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ халқы ежелден, жетімі мен жесірін жылатпай, қартын қастерлей білген. Әсіресе, үлкенге құрмет ерекше болған. Қарты бар ел – қазыналы ел деген түсінік содан қалыптасқан. Ертең ел жүгін арқалайтын жастарымыз қазір ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарды қалай ардақтап жүр? Осы сауалға жауап іздеп көрген едік.

Әлфараби МЫҢБАЙ, жас­тар ресурстық орталығының директоры:

– Біз елдің болашағы ретінде, ал­дыңғы лек ардагерлерімізді қа­діріне жетіп бағалай білмесек, ер­тең бізден кейінгі буын өздері көр­ген істі қайталауы бек мүмкін. Сол себепті шаманың жеткенін­ше қарттар қауымын қадірлеп, қол­дан келген көмекті аямауы­мыз қажет. Қаламыздың жас­та­ры жыл бойы қариялардың ау­лаларын тазалап, көмірін түсі­ріп, отынын жарып беріп көмек­тесіп жүр. Бізге алғыстарын ай­тып, баталарын беріп жатады.

Нұргүл АХМЕТ, оқытушы:

– Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бүгінде осы сөздің мағы­на­сын толық түсінбейтін жастары­мыз бар. Жалпы жастар тәрбие­сінде алдыңғы толқын ағалар­дың атқарар міндеті мен жауап­кер­шілігі орасан зор. Көрсетер үл­гі-өнегесі көп. Мұның өзі, са­йып келгенде, ұрпақ алдындағы парызды өтеу, ертеңге ізгілікті із тастау, өнегелі сөз, тәлімді тәр­бие қалдыру болып табылады. “Ата­ңа не қылсаң, алдыңа сол келе­ді” деген сөздің де мән-мағына­сы терең екендігін жас­тарымыз түсіне білсе екен дей­мін. Аталар мен әжелерге көмек жасасақ одан ештеңеміз кеміп қалмайды.

Ақжол САЯТҰЛЫ, универ­ситет студенті:

– Біздің елімізде қарттарға де­ген құрмет біркелкі емес. Мем­ле­кет отбасынан құралатындық­тан, әр отбасының ынтымағы мық­ты болғаны жөн. Елімізде қарттар үйілерінің барын, онда бала-шағасына керексіз болып қалған аға буын өкілдерінің көп екенін ескерсек, бәріміз бірдей үлкенге ізет көрсетіп отырмыз деп айта алмаймыз. “Әкең-ше­шең жынды болса байлап бақ” деген бабадан келе жатқан сөз­дің құнын ұмытқандаймыз.

Сауалнаманы жүргізген

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp