Жыл басынан бері өңірімізде өрт саны 12 пайызға көбейіп, 528 оқиға тіркелді. 39 адам “тілсіз жаудың” құрбаны болса, 35 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Владимир Хутинаев журналистердің қатысуымен өткен брифингте айтып өтті.
Облыс орталығындағы жағдай да алаңдатуда. Үстіміздегі жылғы сегіз айда 130 өрт оқиғасы орын алып,12 адам көз жұмды, 18 адамды түрлі дәрежеде күйік шалды. Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Шал ақын аудандарында және Петропавл қаласында тұрғын үйлер мен ғимараттардың қызыл жалынға орануы жиі кездеседі.
Өрт көбіне қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, электр желілерінің зақымдануынан, жылу пештерін дұрыс пайдаланбаудан тұтанған.
Майгүл СЕЙІЛБЕК.