«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зиянды заттардан аулақ бол!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауа райы салқындаған кезде вирустық және жұқпалы аурулар эпидемиясы бас­талады. Сондай сәтте әр адам вирус жұқ­тырып, ауырып қалуы мүмкін. Егер отба­сының бір мүшесі сырқаттанып қалса, үйде дезинфекция жүргізу керек. Вирус пен бак­териядан құтылудың түрлі жолы бар. Қы­шымамен, туберкулезбен, педикулезбен және басқа да аурулармен ауырғанда, бөл­меде ылғал мен тарақан, қандала, бүрге және басқа да зиянкестер болған жағдайда залалсыздандыру шараларын жүргізу ұсы­нылады. Мұндай жағдайда үй-жайларды өңдеуде кәсіби мамандардың көмегіне жү­гінген абзал.

Залалсыздандыру шараларын жүргізе­тін мамандар қажетті құралдармен жаб­дықталған. Бірақ кейде мамандардың кө­мегіне жүгінбей-ақ залалсыздандыру ша­ра­ларын өзіміз де орындай аламыз. Хи­миялық құралдарды қолдану кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және респиратор, резеңке қолғаптар, қорғаныш халат және көзілдірік кию керек. Нұсқау­лықта көрсетілгендей үй құстары мен жануарлар үй-жайдан тыс болуы керек. Бөлмелердің еденін, басқа да жерлерді және бұрыштарды арнайы құралдармен сүр­ту, ас үй, жуынатын бөлме, дәретхана­ны мұқият тазалау, дезинфекция ерітіндісін үнемі ауыстыру, арнайы аэрозоль көмегі­мен жұмсақ жиһазды өңдеу, кілемдер мен түрлі жабындарды тазалау, балалардың ойыншықтарын, жиһазды қозғап, оның ас­тындағы еден мен қабырғаларды жуу ұсы­нылады. Науқас ұстаған заттың барлығын – теледидар пультін, компьютердегі пер­нет­ақ­таны, компьютер тінтуірін де сүрту қажет. Залалсыздандырудан кейін үй-жайды мұ­қият желдету керек. Осындай шараны үш айдан кейін тағы қайталауға болады.

Дезинфекция жасаудың қарапайым әдісі бар. Нашатыр спирті микробтан құ­тылуға көмектеседі. Стаканға оның бір­неше тамшысын қосып, үйде стерилизация жасай аласыз. Сірке суы да дезинфек­цияның ең тиімді құралы саналады. Ол вирустар мен түрлі микробтарды жеңе алады. Ол үшін сірке суы мен суды пуль­веризаторы бар бөтелкеге құйып, бөлмеге бүрку керек. Сірке суының орнына лимон шырынын пайдалануға болады. Инфекция мен микробтарды ас тұзының ерітіндісі жоя­ды. Сонымен қатар оның жағымсыз иісі жоқ және аллергиялық реакцияларды тудыр­майды. Ас тұзы қосылған ерітіндімен түрлі жерлер өңделеді. Дәретхана мен ваннаны құ­рамында хлор бар заттармен дезин­фек­циялау ұсынылады.

Үйді техникалық құралдардың көмегімен дезинфекциялау ыңғайлы. Олар жинақы, кір жинамайды және иіс бөлмейді. Ауаны дымқылдандыратын құрылғы кішкентай балалары бар үйде өте қолайлы. Аппарат бөлмелерді ылғалдандырып, ауаны ауру тудыратын микробтардан тазартады. Оны үнемі таза сумен толтыру керек. Ауа рецир­куляторының қуаттылығы әртүрлі болады. Оның көмегімен бөлмені де, бүкіл үйді де дезинфекциялауға болады.

Тұмау және әртүрлі вирусты инфекция­лардың таралуы кезінде залалсыздандыру шараларын жүргізудің пайдасы мол. Өңдеу шараларын жүргізуде қолайлы, ыңғайлы әдістер мен құралдарды пайдалануға бо­лады. Аурумен күресуден, алдын алу ша­раларын жүргізу әлдеқайда тиімді екенін еске саламыз.

Ирина ТУПОВА,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp