«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1 қазан күні зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 1 қазан күні зейнеткерлер қоғамдық көлікпен баратын жерлеріне тегін жете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, ертең, Қарттар күніне орай облыс орталығында зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Ол үшін кондукторға зейнеткер куәлігін көрсету жеткілікті.

Бұл қайырымдылық шарасы – дәстүрлі. Он жылдан артық мерекеге орай осындай жеңілдік жасалып келеді.

Петропавлда қазіргі уақытта 44,5 мың зейнеткер бар. Олардың жасы 80-нен асқандары қалалық әкімдіктің шешімімен автобустарда тегін жүре алады. Сондай-ақ, биылдан бастап облыс орталығында 12 санатқа жататын азаматтар – 10 мыңға жуық тұрғын қалалық қоғамдық көлікте тегін қатынайды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp