«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

289 га алқапқа тал отырғызылып жатыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жасыл белдеуді ұлғайту мақсатында биыл 850 га аумаққа тал отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың айтуынша, өңірде жасыл белдеуді ұлғайту бойынша іс-шара көктемде қолға алынды.

«Облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру және орман өсіру алаңын кезең-кезеңімен ұлғайту мақсатында биыл 850 га аумаққа ағаш отырғызу жоспарланған. Көктемде 561 га алқапта бұл жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта 289 га жерге тал егу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді Азамат Бектасов.

Мемлекеттік орман қорын молайту Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай қолға алынған.

«Мемлекет басшысы былтыр 2 млрд ағаш отырғызу межесін қойды. 2020 жылғы қарашада 2021-2025 жылдарға Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспары әзірленді және бекітілді. Келер жылы 850 га, 2023 жылы 900 га, 2024 жылы – 1000 га ағаш отырғызылады. Биыл 97 200 түп егілуі керек болса, соның 89 мыңнан астамы отырғызылды», – дейді басқарма басшысы.

Келесі жылы 100 700 түп ағашты отырғызуға 579 025 мың теңге жұмсалмақ.

Бұған дейін Петропавлдағы экологиялық мәселе – қатты қалдықтар полигонының жағдайы туралы айтқан едік.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp