«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі қорықшы заңсыз марал атып, ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында қорық аумағында заңсыз аң аулағандар ұсталды, олардың екеуі де қорықшы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Есіл ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге рейд барысында «Красный бор» КММ аумағындағы орманда тіркемесі бар «Нива» көлігін байқаған. Рульде 69 жастағы жергілікті тұрғын, қасында Тайынша ауданының 24 жастағы тұрғыны болған. Тексеру кезінде полицейлер тіркемеден ет салынған полиэтилен пакеттерді тапты.

«Заңсыз аңшылыққа қатысы бар екі күдікті анықталды: «Нива» жолаушысы мен Тайынша ауданының 32 жастағы тағы бір тұрғыны болған, ол оқиға орнынан ертерек кетіп қалған. Тайыншалық екі күдікті де қорықшы болып жұмыс істейді. Олар маралды атқан және бөлшектеген орынды көрсетті, аң аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Бұдан кейін олар Есіл ауданының тұрғынынан етті алып кетуді өтінген», – дейді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Аталған факті «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мүшеленген ет алынып, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ күдіктілердің біріне тиесілі калибрі 5,56 мм «Вепрь» карабині, аңшылық жабдықтар алынды. Күдіктінің екеуі де қамауға алынды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp