«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСТАНАЙДАН — ҚОС АЛТЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласында қоянқолтық ұрыстан 8-15 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі жарыс осымен 21-ші рет республикалық деңгейде өткізілді. Бұл додаға тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысынан команда қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап келді.

“Алтын күз” деген атаумен өт­кен додаға еліміздің өңірлерінен 10 команданың 160-қа тарта спортшысы қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында солтүстікқазақстандық өрендер де болды. Осы жолғы жарысқа алғаш рет “Сұңқар” клубы 5 мүшесін апарды. Оның 4-уі жүлдегерлер қатарынан көрінді. 24 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дәулет Құдабаев үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Сон­дай-ақ 26 килограмда сынға түс­кен Нұртас Сабыр да қарсыластарының алдын орап, бірінші орынға ие болды. Ал 33 килограмм салмақ санатында Әбілмансұр Әшім үш кездесудің екеуінде басым болып, тек финалда есе жіберді. Жас өрен күміс жүлденің иегері атанды. Абдухошир Махмадов 39 килограмм салмақ дәрежесінде қола медальді місе тұтты. Облыс командасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль түсті.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp