«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құрылысшының өліміне қатысты іс қайта тексеріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстанда құрылысшының өлімімен аяқталған қайғылы оқиға қайта тексеріледі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше күн бұрын Петропавл қаласында жұмысшы құрылыста қазақ тапқан болатын. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бұл оқиғаны жұмыс беруші мен жұмысшының арасында ешқандай келісімшарт болмағандықтан, еңбек жағдайындағы қайғылы оқиға деп саналмайтынын айтқаны туралы БАҚ-та мәлімет тарады. Сонда жұмыс беруші жауапкершіліктен құтылып кетеді деген сөз бе?».

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловқа осындай сауал қойылды. «Шынымен де осындай факті бар. Бүгі екінші күн осы мәселемен айналысып жатырмыз. Сіз айтып отырған кәсіпорнда шынымен де қайғылы оқиға болған. Зардап шеккен жұмысшы аталған кәсіпорында бірінші күн жұмыс істеген екен. Осыған байланысты жұмыс беруші еңбек нормасын өте өрсекел бұзған. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, бәрін айта алмаймыз. Бірақ бізге берілген ақпарат бойынша, қайтыс болған жұмысшы еңбек келісімшартынсыз жұмысқа жіберілген. Оған жеке қорғаныш заттары берілмеген. Яғни, онымен ешқандай нұсқау жұмыстары жүргізілмеген. Неге екені белгісіз, бірақ осы қайғылы оқиғаны тексерген оны комиссия өндіріспен қатысы жоқ деп қорытынды шығарған», – деген Төлеген Оспанқұлов аталмыш оқиға бойынша қайтадан тексеру жүретінін атады.

«Біз бұл мәселені бақылауымызға алдық. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясына істі қайтадан көтерту туралы тапсырма бердік. Сондықтан әділдік орнайды деп ойлаймын. Біздің қолымыздағы мәліметтердің бәрі расталса, аталмыш қайғылы оқиғаны өндіріспен байланысты деген қорытынды шығарылады. Іс бақылауымызда», – деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.


https://www.inform.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp