«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕ – ДЕРТКЕ ТҰСАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!    

 «COVID-19» дерті біздің елімізді ғана емес дүниежүзін алаңдатып отыр. Қауіпті ауру ондаған отандасымыздың  өмірін қиды, жүздеген қазақстандықтың өміріне айтарлықтай зиян келтірді.

Кәсібилік пен жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің арқасында көптеген елдердің ғалымдары адамдардың денсаулығын «COVID-19»-дан тиімді қорғайтын вакциналар жасады. Біздің елімізде 2021 жылдың ақпанынан азаматтарды вакциналау басталды. Бір өкініштісі, біздің облысымызда екпе егу жұмыстары өте бәсең жүргізілуде. Жаһандық дертке вакцияна ғана тосқауыл бола алатынын білсек те, екпе салдыртуға асықпайтындар аз емес. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтардың тек 62 пайызы вакциналаудың толық курсынан өтті.

Бүгіндері облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы баршамызды алаңдатып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирус індетімен сырқаттанғандар саны күн сайын артып келеді. Соңғы екі аптада дертке шалдыққандар санының 1,6 есе өсуі байқалды. Бүгіндері өңірдегі инфекциялық стационарларда 787 науқас жатыр, оның 65 пайызы 61 жастан асқан адамдар.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі бүгінгі күні бұлтартпас фактілермен дәлелденген, инфекциялық стационарларда емделіп жатқан пациенттердің 99 пайызына екпе егілмеген. Екпе алған адамдар ауруды жеңіл түрде өткізеді және басқаларға қарағанда жұқтыру қаупі аз.

Құрметті жерлестер!

        Біздің  бәріміз де қалыпты өмірге тезірек оралғымыз келеді. Аға буын өкілдері ретінде біз сіздерді ғалымдар мен медицина қызметкерлерінің пікіріне құлақ асуға шақырамыз. Дер кезінде екпе алып, дертті жеңіп шығуға атсалысайық!

Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp