«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн өту қайта қолжетімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе қалалардан бұл функцияның мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Осыған байланысты «sanaq.gov.kz» сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды.

Санақ сауалдарына арнайы «sanaq.gov.kz» сайты, «E-Gov» порталы арқылы тіркеліп немесе «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

Биылғы 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында болған онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. Ал 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді.

Абай ӘЛЖАНОВ,

облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp