«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛҒЫРТТЫҚ САН СОҚТЫРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 584 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 72 пайызы, яғни 421-і жеке тұрғын секторында орын алды.

Жертөлелерде, қоймалар мен гараждарда тұрғындар тез тұтанатын сырлар мен жанар-жағармай толтырылған құтыларды сақтайды. Бұған қоса, мұндай жерлерде автокөлік иелері аккумуляторлық батареялар мен теміртұлпарлардың доңғалақтарын қалдырады. Осындай нысандарда сөндірілмеген темекі тұқылынан-ақ өрт шығу қаупі басым. Есесіне улы түтіннен адам тұншығып қайтыс болуы әбден ықтимал.

Үстіміздегі  жылы наурыздың 23-і күні Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов көшесіндегі бесқабатты үйлердің бірінде өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау баспананың жертөлесі мен бірінші қабатын шарпыды. Қызыл жалын пластикалық құбырларды, электр сымдарын зақымдап, төменгі қабаттағы екі пәтердің еден жамылғысын бүлдірді. Абырой болғанда, барлық адамдар уақтылы қауіпсіз жерге шығарылды. Оттың шығуының себебі – сөндірілмеген балауыз шам.

Ғимараттың жанғыш бөліктері, яғни пештер мен түтін құбырлары металл материалдарымен қапталуы шарт. Олардың ұзындығы 38 см.-ден кем түспеуі қажет. Ал пештерді жөндеумен айналысатын мамандардың арнайы құжаттары болуы маңызды. Ең бастысы пештер мен түтіндіктердің, электр сымдардың жарамдылығын үнемі қадағалап отыру қажет. Су, кәріз желілері мен жылыту жүйелеріне тиесілі құбырлар қатып қалған уақытта оларды ашық отпен жылытуға болмайтынын есте сақтаған жөн.

Марина САМОЙЛЕНКО,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp