«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРҚАЛЫ АҚЫН ЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапхана жанынан құрылған «Sana» әдеби-музикалық клубы өңірімізден шыққан қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруды көздеп отыр. Жуырда клуб мүшелері   ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановты еске алуға арналған жиын өткізді.

Шараға ақынның туыстары, әріптестері мен достары, ауылдастары қатысып, Зейнолла Әкімжановтың қаламынан туған уытты мақалалары мен әсерлі өлеңдеріне шолу жасады. 

  – Зейнолла ағамыз әкеден жастай қалды. Өмірдің бұл қиындығына қарсы тұра білді. Өз күшімен білім алды, қызметке орналасты. Біз ол кісінің есте сақтау қабілетіне қызығатынбыз. Қазақтың тарихын, ақын-жыраулардың ғұмырбаяндары мен артына қалдырған мұраларын жатқа білетін, – деді інісі Арыстан Әкімжанов.

Зейнолла Әкімжановтың көзі тірісінде «Жерұйық» және «Мизам шуақ» атты екі кітабы жарық көрген.

 Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

   “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp