«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРҚАТТАНҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – ҚАЛАЛЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 27730 адам жұқтырды. Өткен тәулікте облыста 140 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның 130-ында ауру белгілері байқалған. 455 жағдай сырттан әкелінген деп тіркелді.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі петропавлдықтар. Қызылжар, Жамбыл, Мамлют, Айыртау, Аққайың, Есіл, Тимирязев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев, Тайынша, Ақжар, Шал ақын аудандарында да жаңа жағдайлар тіркелді.

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 137 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 3 азаматтан алынды. Бүгінде облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы облыс бойынша КВИ-ға – 491719 зерттеу жүргізілді. Облыс бойынша 249214 адам екпенің бірінші, 231749 адам екінші компонентін алды.  

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp