«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРМЕДЕГІ ТІГІН ЦЕХЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық дизайнер Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/6 мекемесінде қайырымдылық курсын ұйымдастырды. Үш ай бойы сотталғандар ерлердің және әйелдердің сәнді, сұранысқа ие киімдерін және аксесуарларды тігіп үйренеді.

Әйелдер колониясында тігіншілік курсын жергілікті дизайнер Зарина Черняева ұйымдастырған. Қазір мұнда төрт келіншек іс тігу өнерінің қыр-сырын меңгеріп жатыр.

«Үстіміздегі жылғы қыркүйек айында бізге Зарина Черняева хабарласып, тігін өндірісін ашқысы келетінін айтты. Біз оған сенімгерлік басқаруға бос тұрған нысанды бердік. Қазір жазасын өтеуші әйелдер тігін ісін үйреніп жатыр. Кейін олар осында жұмысқа орналасып, еңбекақы алатын болады», – дейді ЕС-164/6 мекемесінің аға инспекторы Сәния Неғметжанова.

Тігін цехына қажет заттарды:  іс тігетін машиналарды, матаны, манекендерді және басқа да керек-жарақты Зарина Черняева өз қаражатына сатып алды.

Бүгінде шебер  оқушыларымен бірге Түркістан қаласында өтетін фестивальге әзірленіп жатыр. Дайын киімдердің бір бөлігін ол өзімен ала бармақ.

«Түркістанда қолөнер шеберлерінің байқауы өтеді. Мен ақтық турға өткенмін. Енді өңір намысын республикада қорғаймын. Қыздар маған көмектесіп жатыр. Қазірдің өзінде үй киімін, боди, корсет тігіп үйренді», – дейді Зарина Черняева.

Курстан өткен сотталған әйелдер сертификат алады. Жалпы қазіргі уақытта әйелдер колониясында 4 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді. Оның екеуі тігін цехы, біреуі – жылыжай және енді бірі мал шаруашылығымен айналысады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp