«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шәкірттеріммен мақтанамын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұжым қатарына алғаш қабылданғаным әлі күнге дейін жадымда жаңғырып тұр. 1996 жылы Петропавл педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, ыстық әсерден арыла алмай жүргенде қазақ гимназиясы ашылғалы жатыр деген хабарға елең ете қалдым. 

Өйткені өзге этносы басым қалада қазақтың дипломды ұл-қыздарына жұмыс табу қиынның қиыны болатын. Жүрексінсем де бағымды сынап көрейін деген тәуекелмен конкурсқа қатысып көруге бел байладым. Комиссия  мүшелері білімімді тексерді, сынақтан сүрінбей өтсем де, қашан шешім шыққанша екіұдай ойда жүрдім. «Қабылдандыңыз» деген хабарды естігенде сенер-сенбесімді білмедім. Содан бері арада ширек ғасырға жуық уақыт зымырап өте шығыпты. Осы  мерзім мен үшін үйрену кезеңі болды. Жас деп баласынбай мейірімін төге білген Қарақат Шалабаев ағаға, Ғалия Өмірбекова, Ермек Шалабаева, Мәдина Қожағұлова апайларға алғысым шексіз.

 Мектеп жаңа оқу жылына дайын болмағандықтан, сабақ №3 орыс мектебінде жалғасты. Екі айдан кейін  іші-сырты сыңғырлап тұрған гимназиямызға түпкілікті орнықтық. Ең алғаш қабылдап алған сыныпта 17 оқушы болды.  Олардың әрқайсысы бүгінде бір-бір отбасы, мамандық иелері. Әсемгүл Мұстафина– менің жолымды қуып,  ұстаздықты таңдады. Ағылшын тілінің білгірі. Жанар Тасшығұлова Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және тілдер  университетін аяқтады, кәріс, қытай  тілдерін жетік игерген. Дина Құсайынова Назарбаев университетінтамамдады,қазір  АҚШ-та білім алып жүр. Шәкірттерім өзімнен озып жатса, оған тек  қуанамын.

   Асыл МҰҚАШЕВА,

  бастауыш сынып мұғалімі.

                                                                                                               

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp