«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ән-шашу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық  филармонияда Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтай ел қайда» атты  концерті өтті.

Концерт «Біржан-Сара» операсындағы «Мереке» биімен  басталды. Өнер ордасының Руслан Мұстафин, Жанат Айтбаев, Еркебұлан Қаріпов, Нұрсұлу Ахметжанова, Асхат Таушев, Дәмеш Құрманкина, Светлана Логвиненко сынды солистері мен «Әдемі-ау», «Мәңгілік» би ансамбльдері кеш бойы ән мен жырдан, биден шашу шашты.

– Патриоттық сарында өткен концерт өте қатты ұнады. Адамды сергітетін осындай мәдени шаралар жиі ұйымдастырылса құба-құп. Өнер иелері тыңғылықты дайындалыпты. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – дейді қала тұрғыны Айгерім Мұқанова.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp