«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туу көрсеткіші төмен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют аудандық ауруханасында оң өзгерістер аз емес. Биыл аурухана ғимараты ішінара жөндеуден өтіп, төңірегі абаттандырылды. Тозығы жеткен медициналық аппараттардың орнын заманауи жабдықтар алмастырды. Мұның өзі дертті жандардың сырқатын ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Осыған дейін аурухана қаражатына феталдық монитор, “Pentax HOYA Corporation FG-24V” фиброгастроскопы, 2 электрокардиограф, 2 санитарлық автокөлік, “Ардигност-8” рентгендік диагностикалық стационарлық РДК кешені, электрокардиография және артериялық қысымды мониторлау (ЭКГ және АҚ) аспабы сатып алынды. Енді алдағы күндерде дентальды аппарат алу жоспарлануда.

Бүгінде өңіріміздегі денсаулық сақтау мекемелерінде мамандардың тапшы екендігі жиі айтылады. Бұл мәселе Мамлют аудандық ауруханасында біртіндеп шешілуде. Биыл аурухананың 4 дәрігермен және 13 орта медициналық қызметкермен толығуы да қуантарлық жайт. Емхана әкімшілігі еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарымен және колледждермен ынтымақтаса отырып, өз мамандығын жетік меңгерген жастарды жұмысқа шақыруда.

Бұрындары аудандық аурухана жанында перзентхана болған. Оның жабылып қалғанына аудан тұрғындары ғана емес, мамандар да алаңдаулы. Осы сауалды алға тартқанымызда, аурухана әкімшілігі бұл мәселенің шешімін облыстық денсаулық сақтау басқармасының еншісіне қалдырды. Мұндағы мамандар ауданда бала туу көрсеткіші соңғы жылдары күрт азайып кеткенін айтты. Аурухана жанындағы емхананың меңгерушісі Карина Граувергтің айтуынша, бүгінде ауданда 95 әйел жүктілік бойынша есепте тұр. Биылғы жылы 136 нәресте дүниеге келіпті. Мұның өзі былтырғы осы кезең-мен салыстырғанда 17-ге кемігенін көрсетеді. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ана өлімі тіркелмеген.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp