Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің «Қазақтай ел қайда» атты концерті өтті.
Концерт «Біржан-Сара» операсындағы «Мереке» биімен басталды. Өнер ордасының Руслан Мұстафин, Жанат Айтбаев, Еркебұлан Қаріпов, Нұрсұлу Ахметжанова, Асхат Таушев, Дәмеш Құрманкина, Светлана Логвиненко сынды солистері мен «Әдемі-ау», «Мәңгілік» би ансамбльдері кеш бойы ән мен жырдан, биден шашу шашты.
– Патриоттық сарында өткен концерт өте қатты ұнады. Адамды сергітетін осындай мәдени шаралар жиі ұйымдастырылса құба-құп. Өнер иелері тыңғылықты дайындалыпты. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – дейді қала тұрғыны Айгерім Мұқанова.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.