«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің ұжымымен кездесіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес жолдарын күшейту туралы ақпараттық кеңестер берді.

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сәлімхан Сәбитов өңір бойынша қоғамдық індетпен күрес және сыбайлас құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлай келіп, жиналғандардың назарын бірқатар түйткілді мәселелерге аударды.

Департамент басшысы Артур Молдағұлов осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі. Ведомствода 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: олар –жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру, қауіпті өндірістік нысандарды салуға, кеңейтуге, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттамалармен келісу, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың емтихан тапсыруы. Барлық қызметтер электрондық форматта көрсетіледі.

 Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл департаментінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp