ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР
Облыс орталығында түнгі тыныштықты бұзу көбінесе жалға берілетін пәтерлерде кездеседі.
Облыс орталығында түнгі тыныштықты бұзу көбінесе жалға берілетін пәтерлерде кездеседі.
Ақан сері атындағы облыстық филармонияда эстрада және симфониялық оркестр мен «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» атты бірлескен концерті өтті.
Биыл «Бір ел – бір кітап» жалпыұлттық акциясында Ыбырай Алтынсарин, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков, Тобық Жармағамбетов сынды дарынды тұлғалардың кітаптары арнайы таңдалған болатын. Осыған орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада шара өтті.
Халқымызда“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тамаша тәмсіл бар. Бір өкініштісі, біз көп жағдайда күйбің тіршіліктің қамымен бір-бірімізге жылы сөздерімізді айтуға уақыт таба алмай жүреміз. Ардақтыларымызды ажал ортамыздан жұлып әкеткенде ғана есеңгіреп, айта алмай ішімізде қалған сөзімізді дұғамен, еске алумен жеткіземіз.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметінде мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстар маңызды рөл атқарады. Бұл санатқа тәркіленген мүлік, заттай құжаттар, көмбелер, сыйлықтар және мемлекет кірісіне қайтарымсыз өткен мүліктер жатады. Мүлікті есепке қою белгіленген тәртіп бойынша, атап айтқанда, сот актілері, нотариус берген мұраға мемлекеттің құқығы туралы куәлік, …
Еліміздің негізгі нышандарының бірі қазақ тілі екені Ата Заңымызға өткен ғасырдың 90-жылдарындағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Содан бергі аралықта ана тіліміздің тынысы кеңейіп, мемлекеттік мәртебесі көтерілді. Ұлттық мектептер мен балабақшалардың саны көбейді. Мемлекеттік тілді меңгерген қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері …
Кәмила Әлібаеваның есімі Қызылжар өңіріне жақсы таныс десек қателеспеспіз. Ол- өткен ғасырдың 70-інші жылдарынан бастап қасиетті қара домбырасын күмбірлетіп, қазақтың дархан даласындай кең даусымен көрерменін ұйытып, көзайымына айналған белгілі әнші, жыршы-термешілер байқауында талай рет топ жарып, облыс намысын қорғаған, мақтанышына айналған адам. Ол кісінің өмірі де, жүріп өткен жолы да тақтайдай тегіс емес. Олай дейтінім, …
«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің ұжымымен кездесіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын күшейту туралы ақпараттық кеңестер берді.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Қызылжар су» кәсіпорнының комплаенс қызметі жұмысының қорытындыларымен танысты. Департаменттің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин заңнамалық деңгейде қолдау тапқан комплаенстің өзектілігін атап өтті.
Бүгінде ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арнаған Жолдауындағы барлық бастамалар осыған бағытталған.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 2-қабат, каб. № 41, тел. 8(7152)36-55-51. Төрағасы–Тілеген Төлегенұлы Қаскин Төрағаның орынбасары– Сергей Васильевич Калинин Хатшысы– Светлана Валентиновна Копнина Комисия мүшелері– Лариса Болеславовна Гордеева Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков Қанат Қосылұлы Омаров Рысты Сатымқызы Оразбаева
Мен ерте жастан өзімді вокалға арнадым. Мен белгілі бір нәтижелерге қол жеткідім және соның арқасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен алғаш рет кездестім.
Есіл ауданындағы Николаевка ауылына жақында Ираннан он бір отбасы көшіп келген болатын. Атажұртын аңсап жеткен жандарды жергілікті әкімдік қарсы алып, жаңа салынған жайлы үйлерге орналастырыпты. Әрине, оларды алаңдатып отырған мәселелер де аз емес.
Футболдан ел біріншілігі аяқталды. Ақтық турда «Qyzyljar» клубы өз алаңында «Ордабасы» командасын қабылдады. Бұл кездесуде жеңімпаз соңғы минуттарда анықталды.Қызылжарлықтардың биылғы маусымдағы соңғы ойынын облыс әкімі Құмар Ақсақалов та тамашалады.
Солтүстік Қазақстан облысында ақпаннан бастап екпе алған 2567 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында болатын өрттердің 72 %-ы жеке секторда тіркеледі. Өрттің алдын алу мақсатында рейдке шыққан мамандар 2 мыңға жуық үйден 2 800-ден астам өрт қауіпсіздігі талабын бұзу жағдайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер алдағы бес айға ауа райының болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.