«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Қызылжар су» кәсіпорнының комплаенс қызметі жұмысының қорытындыларымен танысты.

Департаменттің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин заңнамалық деңгейде қолдау тапқан  комплаенстің өзектілігін атап өтті.

«ЖШС-тің комплаенс қызметін талдау барысы  персоналды басқару, тұрғындармен бірлескен іс-қимыл, бизнес процестерді цифрландыру мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың оң үрдістері қалыптасқанын көрсетті», – деді Нұрлан Серікұлы.

Комплаенс қызметінің үйлестірушісі Мария Дзятко жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорын мен бөлімшелер қызметкерлерінен комиссия құрылып, жемқорлық көріністерін болдырмаған адамдарды марапаттаудың ережесі әзірленген. Өтініш-тілектер электрондық нұсқада қабылданады.

Басқосуда заңнамадағы өзгерістерге сәйкес  квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауаптылықты міндеттейтін комплаенс қызметтер итнституттарының енгізілуі жұмыс тиімділігін арттыра түскені, дегенмен оның рөлі мен маңызын түсінбейтіндер әлі де кездесіп қалатыны айтылды. Бүгінде облыста 190 комплаенс офицер жұмыс істейді.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл департаментінің бас маманы.

 

                                                                                            

                                                                                     

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp