«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есептей білген ұтады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметінде мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстар маңызды рөл атқарады. Бұл санатқа тәркіленген мүлік, заттай құжаттар, көмбелер, сыйлықтар және мемлекет кірісіне қайтарымсыз өткен мүліктер жатады. Мүлікті есепке қою белгіленген тәртіп бойынша, атап айтқанда, сот актілері, нотариус берген мұраға мемлекеттің құқығы туралы куәлік, кедендік декларациялау аяқталғаннан кейін мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлімделген тауарларға арналған декларация, мемлекеттің меншік құқығының туындауын растайтын өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады. 

Тәркіленген мүлікті, заттай құжаттарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алатын (беретін) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы департаментке  кемінде бес күн бұрын жазбаша хабарлауға міндетті. Мүлік Үкіметтің 2002 жылғы 26 шілдедегі N833 қаулысымен бекітілген жекелеген санаттар бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларының 1-ші қосымшасына сәйкес  мүлікті сипаттау, бағалау және қабылдау актісі арқылы беріліп, мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.

Тәркіленген мүлікті, заттай құжаттарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға беру рәсімі тізімдеме актісін жасай отырып, мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен жүзеге асырылады. Мүлікті сипаттау, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі – сипаттау актісі) онда көрсетілген тараптардың саны бойынша есепке алынады. Сипаттау актілерін есепке алу 2-ші қосымшаға сәйкес мүлікті сипаттау, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы арқылы  жүргізіліп, мүліктердің түсуіне қарай тіркеледі. Оған жазбалар дербес, анық және түзетусіз жүргізіліп, нөмірленіп, тігіліп, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрі қойылады. Мүлікті сақтауды 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (ерекше бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес  уәкілетті орган атқарады. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау Үкіметтің 2002 жылғы 26 шілдедегі N833 қаулысымен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережелері негізінде жүргізіледі. Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметіне қатысты мәселелер жөнінде ақыл-кеңестер алу үшін Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34 мекенжайына немесе 8(7152)36-06-14 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Виталий ЛИСТОПАДНИЙ,

мемлекеттік мүлік және  жекешелендіру департаменті

жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс

бөлімінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp