«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 2-қабат, каб. № 41, тел. 8(7152)36-55-51.

ТөрағасыТілеген Төлегенұлы Қаскин

Төрағаның орынбасарыСергей Васильевич Калинин

Хатшысы– Светлана Валентиновна Копнина

Комисия мүшелері– Лариса Болеславовна Гордеева

Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков

Қанат Қосылұлы Омаров

Рысты Сатымқызы Оразбаева

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл және Қызылжар аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары 2021 жылғы 28 қарашасына ауылдық округтері әкімдерінің төте сайлауын өткізуді белгіледі.

Әкімдердің сайлауы облыстың 2 ауылдық округінде өтеді:

Есіл ауданының Бесқұдық ауылдық округі;

Қызылжар ауданының Рощинск ауылдық округі.

2021 жылғы 29 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді, әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамаларын әзірлеу туралы мәселе қаралды.

Отырыс барысында басқа да мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Қазақстан Республикасының азаматы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып мыналар сайлана алмайды:

– соттылығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

– сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылық жасап, кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан төрт жыл мерзімге сайлайды.

Сондай-ақ кандидаттарға мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларда көзделген талаптар қойылады:

– азаматтың мемлекеттік қызметке қабылдануы мүмкін емес талаптар;

– осы лауазымға кандидаттың (санаты Е-R-1) біліктілік талаптарына сәйкес келуі.

Әкімдікке кандидаттар мынадай тәсілдермен ұсыныла алады:

– белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың өз мүшелерінің қатарынан. Бұл кезде саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидатты ұсынуға құқылы;

-дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кем дегенде 1 пайызының қолдауы болғанда өзін-өзі ұсыну жолымен.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Бұл ретте аудан әкімі ұсынылған кандидаттар болмаған немесе ұсыну мерзімі аяқталатын күні бір кандидат қана ұсынылған жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға құқылы.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды.

Әкімдерді сайлау туралы толық ақпаратты аудан әкімдіктерінің сайтында орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінен алуға болады.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp