«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында түнгі тыныштықты бұзу көбінесе жалға берілетін пәтерлерде  кездеседі.

Олардың көпшілігі қала орталығындағы Интернационал, М.Жұмабаев, 314-атқыштар дивизиясы көшелерінің бойында орналасқан. «Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде пәтерлер бюросы басшыларының атына жеті ұсыныс жазылды. Барлық жағдайда да уақытша тұратындардың үстерінен көршілері арызданған», – дейді Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов.

Жыл басынан облыста тыныштықты бұзудың 2183 фактісі тіркелді, оның 2037-сі Петропавл қаласында анықталған.

 

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті

ішкі және сыртқы  коммуникациялар

бөлімінің инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp