«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ТҰРАННЫҢ» ТӨЛ ТУЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы  облыстық филармонияда эстрада және симфониялық оркестр мен «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» атты бірлескен концерті өтті.

«FOLK & SYMPHONY» жобасы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында мамыр айында басталып, еліміздің бірқатар өңірінде өз жалғасын табуда. Тұран фольлорлық-этнографиялық ансамблі – қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін, саз аспаптарын заманауи бағытта жаңғыртып, әлемге насихаттап келе жатқан ұжым. Он үш жылдың ішінде әлемнің жетпістен астам елінде алты жүзге жуық концерт қойып, еліміздің мәдениетін дамытуда үлкен еңбек сіңіріп келеді.

Концерттік бағдарламада филармонияның камералық хоры мен би ансамбльдері, сондай-ақ Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері, оның ішінде «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева жетекшілік ететін «Гәкку» би ансамблі мен камералық оркестр өнер көрсетті.

Кеш қонақтары «Қазақ елі», «Ортеке», «Гәкку» би ұжымдарының өнерлерін тамашалады. Белгілі композитор, музыкант, Татар мемлекеттік филармониясының солисі, Тинчурин театрының бас дирижері Ильяс Камаловтың, сонымен қатар мултиинструменталист, композитор, «Халық алғысы» медалінің иегері Әділжан Толықбаевтың және Шырын Базарқұлованың симфониялық оркестрге өңделіп жазылған Тұранның төл шығармалары өнерсүйер қауымның назарларына ұсынылды. Олардың қатарында «Ұлы Тұран – мәңгілік», «Қара жорға», «Қилы заман», «Ер Тұран» нөмірлері көрермен көзайымына айналды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp