«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНДАСТАРҒА КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы Николаевка ауылына жақында Ираннан он бір отбасы көшіп келген болатын. Атажұртын аңсап жеткен жандарды жергілікті әкімдік  қарсы алып, жаңа салынған жайлы үйлерге орналастырыпты. Әрине, оларды алаңдатып отырған мәселелер де аз емес.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов қандастарымыздың жағдайымен танысу үшін Николаевка ауылына барды. Кездесу барысында Ираннан келген қандастарымызды жұмысқа орналастыру, бұрын мектепте парсы тілінде білім алған балаларды ана тілінде оқыту, құжаттарын дайындау, әлеуметтік көмек мәселелері оң шешімін тапты.

Иранның Горган қаласынан көшіп келген отбасылардың жүктері қаржы тапшылығына байланысты Смирново темір жол бекетінен әлі жеткізілмеген екен.

– Бұл мәселені ұзаққа созбай шешу қажет. Облыстық ардагерлер кеңесі сіздерге жүктеріңізді жеткізу үшін қажетті қаражатты тауып береді, – деді  Ескендір Есмақұлы.

Қандастармен ашық-жарқын сұхбаттасқан Ескендір Есмақұлы атажұртына оралған жандардың қоныстары құтты болуына тілек білдіріп, облыстық ардагерлер кеңесі атынан сыйлық-кәделерін тапсырды.

Марат ЕРМҰҚАНОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp