«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өрт шығу қаупі жоғары 4 мыңнан астам тұрғын үй бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында болатын өрттердің 72 %-ы жеке секторда тіркеледі. Өрттің алдын алу мақсатында рейдке шыққан мамандар 2 мыңға жуық үйден 2 800-ден астам өрт қауіпсіздігі талабын бұзу жағдайын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл 596 өрт тіркелсе, соның 427-сі, яғни 72 %-ы жеке секторда болған. Өрт негізінен электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзудан, пешті дұрыс салмаудан немесе пайдаланбаудан және отты абайсыз қолданудан шыққан. «Жылыту маусымы басталғалы 26 мың тұрғын үйді араладық. Әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы отбасылар мен жалғызілікті қарттарға, мүгедектерге ерекше көңіл бөлінеді. Қазір біздің есебімізде 12 124 адам, соның ішінде 6596 бала тұратын 4220 жеке тұрғын үй бар. 1952 үйде 3 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі тіркелді. Оларға уақыт беріп, қайта тексергенде, 1321 үйдің әлі де олқылықтарды жоймағаны анықталды», – дейді СҚО ТЖД басшысының орынбасары Орал Әбдірахманов. 2019 жылдан бастап көмекке мұқтаж жандардың баспаналарына 1364 улы газ және түтін құрылғысы орнатылған. «Бұл құрылғылардың көмегі бар. Былтыр қаңтар айында Петропавлда көпбалалы отбасын құтқардық. Екінші оқиға осы жылдың шілде айында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды. Датчик 1937 жылы туған зейнеткердің үйінде іске қосылып, қария иіс тиюден аман қалды. Сондықтан тұрғындарды үйлеріне өздігінен осындай құрылғыларды орнатуға шақырамыз», – дейді Орал Әбдірахманов.

https://www.inform.kz/

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp