«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Еңбекақыларын алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызме­тінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстары жайлы айтылды. 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітіліп, соған сәйкес ай сайын басқарма қызметкерлері “Адал кө­мек”, “Ашық бюджет”, “Antikor.live” жобалары бойынша халық алдын­да онлайн форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқармада мемлекеттік сатып алу және қар­жылық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар да өз деңгейінде атқарылған көрінеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары басқармаға келіп түскен аза­маттардың 896 жазбаша өтініші мен арызын қа­рады. Сондай-ақ об­лыс кәсіпорындары мен ұйымда­рының қызметіне 203 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 542-і фактісі анықталған, соның 306-сы еңбек қатынастары бойынша, 235-і еңбекті қорғау қауіпсіздігі, ал біреуі жұмыспен қамтуға қатысты, – деді брифингте сөз алған инспекция басқармасының басшысы Марат Омаров.

Марат Қосылұлының сөзінше, жұ­мыс берушілерге анықталған кем­шіліктерді жою туралы 144 ұй­ғарым берілген. 101 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 24,6 млн. теңгеге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15,1 млн. теңге айыппұл өндірілді. 5,1 млн. теңге сомасын­дағы айыппұл бойынша ерікті төлем мерзімі аяқталмаған. Ал 4,4 млн. теңге мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сотқа жіберілген.

2021 жылы жалақыны уақтылы тө­леу мәселесі бойынша 31 ұйым тексерілді, жұмыс берушілер 1838 қызметкерге 235,25 млн. тең­ге берешек екені анықталды. Жалақы бойынша берешек кәсіпорын басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 10,6 млн. теңгеге айыппұл салынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 1838 қызметкердің құқығы қорғалып, оларға 235,25 млн. теңге толық төленді, – деді басқарма басшысы.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp