«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙТЫС АРҚАУЫ – АЗАТТЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел егемендігінің 30 жылдығына орай Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде “Тәуелсіздік – тәңір сыйы” атты жас ақындар айтысы өтті. Сөз сайысына өңірдің жас дарындары қатысты.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты айтыс көрермендерсіз ұйым­дастырылды. Киелі сахнаның төрінде жас ақындар бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын қозғап, азаттықтың айбынын жырларына арқау етті. “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” демекші, қа­зылар алқасының шешімімен бас жүлде жас ақын Диас Аяғанға бұйыр­ды. Екінші орынды Ақтілек Хайымхан, үшінші орынды Дәулет Құрмаш алды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс­талды.

Фархат ТАСТАМБЕК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp