«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 29, 2021

ӨНДІРІС АЯСЫ КЕҢ

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін республикамыздың түкпір-түкпірінде, оның ішінде облысымызда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бірқатар ірі өнді­ріс ошақтары ашылып, көптеген кәсіпорындар шаруашы­лықтарын кеңейтті. Тұңғыш Президентіміздің ұйытқы болуымен жүзеге асырылған жобалардың бірі – “Үдемелі индустриялық инновациялық даму” бағдарламасы. Бұл жобаның игілігін көрген іргелі компаниялардың қатарында “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де бар.

ҚАРЫШТАП АЛҒА БАСҚАН БАС ҚАЛАМ

Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезін­де астана қазығын бірде Орын­бор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәр­менімен болған еді. Еліміз Тә­уелсіздігін алғаннан кейін ғана бас қаланы таңдау құқығы өзімізге берілді. Елбасымыз Нұрсұлтан …

ҚАРЫШТАП АЛҒА БАСҚАН БАС ҚАЛАМ Read More »

Қастерлі топырақ

Жыл сайын аталып өтілетін Тұңғыш Президент күні – біздің отбасымыз үшін үлкен мереке. Себебі әлемге тарыдай шашылған қаракөздердің туған топырағына табанын тигізген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Тұңғыш Президенттің алыстағы ағайындарды елге шақыруының арқасында атажұрттың суын ішіп, ауасын жұтып отырмыз.

ТАЛПЫНҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Жастардың патриоттық рухын оятуға оң әсе­рін тигізетін “Елбасы медалі” туралы естіп, жобаға қатысуды ұйғардым.

КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫ

Биыл күллі қазақ жұрты ата-бабаларымызға арман бол­ған, осынау ұлы бақытқа бүгінгі ұрпақ қол жеткізген Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Осынау уақыт бедерінде ғасырға пара-пар істер атқарылып, еліміз жаһандық қауымдастықта өзінің лайықты орнын еншіледі. Егемен еліміздің жеткен жетістіктері, бағындырған белестері Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің, салиқалы саясатының арқасында мүмкін болғанын әр қазақ жақсы біледі.

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап, еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басым міндеттердің біріне айналды. Бұл міндетті жүзеге асыру тек төл Қарулы Күштерімізді құрып, оның күш-қуатын барынша арттырғанда ғана мүмкін болатын. Кеңес Одағы келмеске кеткен соң Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік институттарын мүлде жаңадан құруға тура келді. Бұрынғы біртұтас қорғаныс кеңістігі бұзылып, әсіресе әскери мамандар мәселесі күн …

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ Read More »

Егемендіктің теңдессіз жеңісі

Ядролық қаруға қатысты қандай да бір сөз қозғалса Қазақстан халқының жан жарасы сыздап, Семей полигонының зардабын еске алатыны бар. Қаншама адам жақынын жоғалтқан, әлі тумаған бала денсаулығынан айырылған бұл ядролық сынақтардың қасіреті ешқашан ұмытылмақ емес.

Рухани қорек

Өнер – адамның рухани қорегі ғой. Ата-бабамыздан қалыпта­сып, жалғасқан, бүгінде өзінің өмір­­шең­дігін дәлелдеген асыл өнер ешқа­шан маңызын да, құн­дылығын да жоймайды. Қандай қиын кезеңдер орын алса да өнер сын тезіне тө­теп бере алды. Ел егемендікке қол жеткізіп, азаттық­тың таңы атқан шақта өзге сала­ны айтпағанда ел­дің экономика­лық әлеуетін көтеру оңай болма­ды. Осынау сындарлы шақта Қа­зақстанның Тұңғыш …

Рухани қорек Read More »

Көңілді кеш

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда камералық хордың концерті өтті.

Өрге жүзген өнерлілер

“Жастар апталығы” акциясы аясында облыстың би ұжымдары арасында, “workout”, киберспорт, граффити, хип-хоп билері, ТикТокерлер байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада марапатталды.

ЕЛОРДАЛЫҚ МАРАФОНШЫЛАР

Егемендіктің 30 жылдығына арналған “Нұр-Сұлтан – Орал” супер марафонының қатысушылары Қызылжар төріне де келіп жетті. Елордадан шыққан 15 желаяқ 8 күнде Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе қалаларын басып өтіп, Оралға барып аялдамақшы. Жүгіру жолының жалпы қашықтығы – 2021 шақырым.

Саянның шеберханасы

“Бастау бизнес” жобасы аясында арнайы курстан өтіп, кәсібін ашқандардың бірі – Жамбыл ауданының тұрғыны Саян Шаймерденов. Ол сырт киімдерді, автомобиль аксессуарларын тігетін және ескілерін қайта қалпына келтіретін шағын тігін шеберханасын ашуды жоспарлаған екен. Мемлекеттік грантты жеңіп алып, бөлінген қаржыға түрлі жабдықтар сатып алған.

Бас жүлде Әсем Ережеқызына бұйырды

Петропавлда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты халықаралық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.