«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 3, 2021

АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР СӘТІ – АМАНАТ

Санаулы күндерден кейін дүйім қазақ халқы қастерлі Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын атап өтеді. Тарих-ананың таразысына салып қарағанда азғантай ғана мерзім болғанымен осы уақыт бедерінде ғасырға бергісіз ғаламат істердің атқарылғанын әрбір адам жүрегімен түсініп, көңілімен ұғынады. Егемендіктің елең-алаңынан еңсесін түсірмей өткен халқымыз әр сәтін азаттық таңының рауандай түсуіне, киелі Тәуелсіздіктің бұғанасын бекітуге, уығын берік шаншып, шаңырағын тіктесуге …

АЗАТТЫҚТЫҢ ӘР СӘТІ – АМАНАТ Read More »

Адам құқығы – басты назарда

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға сәйкес 1991 жылы 6 желтоқсанда прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін, дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданған болатын. Бас прокурордың 2004 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан прокуратурасы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленді. Биыл бұл атаулы күн Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы кезең …

Адам құқығы – басты назарда Read More »

БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысына алдағы 3 жылда ел қазынасынан 400 милллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл жайында өңірдегі қоғамдық кеңестің жиынында сөз болды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы 2022-2024 жылдарға арнаған облыс бюджеті туралы айтып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

ЖАСТАРҒА ЖОЛ СІЛТЕЙТІН ТЕМІРҚАЗЫҚ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында “Елдіктің жеті тұғыры” қағидаттар жиынтығын ұсынған болатын. Тұңғыш Президентіміздің жас ұрпаққа жолдаған үндеуі жастарға тың қарқын беретін маңызды құ­жат екені сөзсіз. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен жиында халық қалаулылары Елбасының “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын талқылады.

АСТЫҚТЫ ӨҢІР АСУЛАРЫ Облыс әкімі Сенаттағы парламенттік тыңдауда сөз сөйледі

Сенатта “Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары” тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтіп, онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

ДАЛА ҚОҢЫРАУЫ

Президетіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қым­бат” атты мақаласында: “Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек!” – деген еді. Мен де бүгін ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсаринді өскелең ұрпақ, мұғалімдер, әсіресе жас әріптестерім үшін еске алып, білгеніммен бөліскім келді.

ӨРЕНДЕР ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ

Биыл Тәуелсіз атанғанына 30 жыл толатын Қазақстанның дүниежүзі елдері алдындағы абыройы асқақ, еңсесі биік. Біздің елімізді бұл жетістікке уақыттың өзі қондыра салған жоқ. Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясаты, ең қиын сәттерде көреген шешім қабылдай білетін алысты болжағыштығы халқымызды тұ­ғырға жетеледі. “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Тұңғыш Президент күніне арналып өткізілген көрмелерде Елбасымыздың еңбегі мен өмір жолы …

ӨРЕНДЕР ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ Read More »

ШАҢҒЫ МАРАФОНЫ

Петропавлдағы Борки кентіндегі шаңғы базасында қысқы спорт маусымы салтанат­ты түрде ашылды. Аталмыш шара Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келді.

Өңірде КВИ жұқтырғандар саны азайды

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өткен аптамен салыстырғанда шамамен екі есеге азайды. Инфекциялық стационарларда орындар босап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.