«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ӨРЕНДЕР ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Тәуелсіз атанғанына 30 жыл толатын Қазақстанның дүниежүзі елдері алдындағы абыройы асқақ, еңсесі биік. Біздің елімізді бұл жетістікке уақыттың өзі қондыра салған жоқ. Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясаты, ең қиын сәттерде көреген шешім қабылдай білетін алысты болжағыштығы халқымызды тұ­ғырға жетеледі. “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Тұңғыш Президент күніне арналып өткізілген көрмелерде Елбасымыздың еңбегі мен өмір жолы дәріптелді.

Музей қызметкерлері ал­ғашқы көрмені Петропавл құрылыс – экономикалық колледжінде “Елбасы – ел мақтанышы” деген атаумен ұйымдастырды. Жиналғандар сөреге қойылған кітаптар мен жә­дігерлер арқылы Тұңғыш Президентіміздің өмірбаянымен, Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайтудағы рөлімен таныса алды. Содан кейін біз көрме жұмы­сын Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейде жалғастырдық.

Музей ғимаратында өткен “Елбасы – ел тірегі” атты “дөңгелек үстел” отырысына қа­тысқан қалалық ардагер­лер кеңесінің өкілдері мен студенттер қауымы Елбасы­мыздың туған Отанды гүлдендіру, оның шынайы патриоты болу бағытында атқарған ерен еңбектерін жас ұрпаққа үлгі етті.

Гүлнар ЖҰМАБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” музей кешені тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp