«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 7, 2021

КӨҢІЛДІ КЕШ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Қызыл Жар” халықтық музыка ансамблінің концерті өтті.

ТАРИХТЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ ЖАЗЫЛУДА

Тайынша – даму қарқыны бойынша облысымыздағы ал­дың­ғы қатардағы аудандардың бірі. Тоғыз жолдың торабында ор­на­ласқандықтан инвестиция тартуға да қолайлы. Тәуелсіздік жыл­дары тың жобалар жүзеге асырылып, тұрғындардың тұр­мы­сын жақсарту үшін көптеген игі бастамалар қолға алынды. Не­гізгі кәсібі егіншілік болғанымен басқа салаларда да табыс­та­ры толағай. Аудан әкімі Руслан Аңбаевпен сұхбатымыз еге­мендік жылдарындағы жетістіктерді саралаудан басталды.

Әмірдің қоржынында – қола

Франция астанасы Парижде брейкданстан әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додада жерлесіміз, спорт биінің шебері Әмір Зәкіров жүлдегер атанды.

Карантин талаптарын сақтамаған

Облыстық полиция депар­таментінің қызметкерлері мен мониторингтік топтар ойын-сауық орындарын тексеріп, карантиндік шаралардың сақталуын қадағалады. Үш нысанда санитарлық ережелердің өрескел бұзылғаны анықталды.

Басымдық — баспана салуда

Облыста “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 53 көппәтерлі үй салынуда. Партиялық бақылау комиссиясында облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев тұрғын үй қорын реновациялау және күрделі жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.

БАҒЗЫ АТАУЛАР ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ ТИІС

“Miras” қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған “Елдіктің жеті тұғыры” қағидаттарының маңыздылығы талқыланып, алдыңғы отырыстарда қабылданып, жолданған ұсынымдардың орындалу барысы туралы жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының есебі тыңдалды.

Тәуелсіздік тағылымы

Көп ұзамай ең қасиетті құндылығымыз – ел тәуелсіздігінің торқалы тойын атап өтеміз. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.

“Сары” аймақтамыз

№2 қалалық емханада жасөпірімдер АҚШ-тың “Pfizer” вакцинасын алды. Жалпы өңірде жүкті, сәбиі бар аналар мен балалар вакциналау науқанына белсенді қатысуда.

Қой өсірген озар

Облыста асыл тұқымды қой репродукторлары салы­нып жатыр. Олар Жамбыл және Тайынша аудандарында ашылады. Қазірдің өзінде шаруашылықтарға Еділбай тұқымды қойлар жеткізілді.