«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жеңілдетілген несие

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Бастау Бизнес” бағдарламасының түлектеріне биыл жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден астам қаржы берілді. 400 адам 240 млн. теңге грантқа қол жеткізді. Тағы 9 түлек микроқаржы ұйымы арқылы 26,5 млн. теңге несие алды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғыны Талғат Тоқтамысов биыл көктемде “Бастау Бизнес” курсынан өтіп, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алған. Бұл ақшаға 12 қой және өзі қаржы қосып, асылтұқымды үш қошқар сатып алыпты. Бірер жылда шағын шаруашылығын үлкен фермасына айналдырып, түлік санын 300-ге дейін жеткізбек.

– Қала сыртынан мал өсіруге қолайлы жер алдым. Бірақ қой басын көбейтуге өз қаражатым жетпеді. Сондай-ақ жем-шөп пен құрылыс материалдарын алу қажет болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан “Бастау Бизнес” түлектерінің жобаларын несиелендіру үшін арнайы “Атамекен Қызылжар” микроқаржы ұйымы құрылғанын білген соң, соған жүгіндім. Үйімді кепілге қойып, 5 жыл мерзімге 5 млн. теңге сомасынде несие алдым. Қарызды тек бір жылдан кейін ғана қайтара бастаймын. Яғни, менің несие бойынша алғашқы төлемім 12 айдан кейін келеді. Бұл өте ыңғайлы, – дейді кәсіпкер.

Биыл 9 солтүстікқазақстандық 6 пайызбен жалпы сомасы 26,5 млн. теңге несие алған. Қазіргі уақытта тағы 392 млн. теңгенің 91 өтінімі микроқаржы ұйымының кредиттік менеджерлерінің қарауында жатыр.

– Жеңілдетілген несиені “Бастау Бизнес” түлектері қай жылы оқығанына қарамастан ала алады. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қалалықтар 6,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін несие ала алады. Қарыз 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарыз алушыға қойылатын басты талап – проблемалық берешегінің болмауы, – дейді микроқаржы ұйымы директорының міндетін атқарушы Тимур Ысқақов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp